Абдрешева Асем Ақбергенқызы
Педагог-психолог, психолог, спорт психологы
Педагогика саласында жалпы еңбек өтілі – 18 жыл.
Спорт саласында – 15 жыл.
Психологиялық көмек – психикалық денсаулықты қолдаудың ерекше элементі. Өзіңізге, ойларыңызға және эмоцияларыңызға мұқият болу біздің психологиялық әл-ауқатымыздың ажырамас бөлігі болып табылады.
Өзін-өзі тануға және ішкі әлемді оның алуан түрлілігімен зерттеуге деген ұмтылыс-бұл өзімен, демек, ішкі ой мен сыртқы әлемді қабылдау қоршаған әлеммен үйлесімділіктің гармонияның бастапқы нүктесі.
Психологиялық кеңестің бағыттары төмендегідей
Ересектер психологиясы:
- Өзін-өзі ретттеу, ішкі ойды реттеу, қабылеттердің ішкі ресурстардың ашылуына қолдау көрсету;
- Күрделі сұрақтардың шешімін табу;
- Қарапайым тұрмыстық өмірде кездесетін сұрақтардың шешімін табу;
- Отбасылық қарым-қатынас сұрақтарымен жұмыс т.б.
Жасөспірімдермен психологиялық кеңес жұмыстары:
- Жеке тұлғалық қасиеттерін зерттей отырып өзін-өзі оң бағалау, өзіндік сенімділікті арттыру, ортада қарым-қатынас түрлерін анықтай отырып реттеу;
- Жасөспірімнің жастық максимализімімен жұмыс, білімін жетілдіру жолындағы еңбектің маңыздылығын ашу, өзінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін бағалай алуға үйрету;
- Жасөспірім спортшылардың спорттық психологиялық икемділік қабілеттерін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар;
- Жасөспірімдердің өзін-өзі реттеуге, ортада өзін сенімді ұстауына дағдыландыру жұмыстары;
- Мамандық таңдау барысында өзіне тән мінез-құлық ерекшелектері мен қабілеттерін негізге алуын үйрету т.б.