Спорт психологиясы

Спорт психологиясы – жалпы психология ғылымының бір саласы.  Қазіргі уақыттағы спорт психологиясының негізгі міндеттері спортшының жан-жақты жоғары дәрежедегі спортта көптеген жетістіктерге жетуі үшін жеке тұлғалық қасиеттерін дамытып, психологиялық мәдениетін көтеру.  Спорттық жарыстардың алдында спортшының психикасын сол үрдіске бейімдеп, бәсекелестік қабілетін арттырып жеңімпаз ететіндей әрекеттер мен жаттығулармен қаруландыру.