Спортшыларды психологиялық қолдау
Психологическая поддержка спортсменов
Psychological support for athletes
Абдрешева Асем Акбергеновна
Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі республикалық мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы
Қысқаша түйіндеме
Спорт психологиясы жалпы психология ғылымының бір саласы. Қазіргі уақыттағы спорт психологиясының негізгі міндеттері спортшының жан-жақты жоғары дәрежедегі спортта көптеген жетістіктерге жетуі үшін жеке тұлғалық қасиеттерін дамытып, психологиялық мәдениетін көтеру. Спорттық жарыстардың алдында спортшының психикасын сол үрдіске бейімдеп, бәсекелестік қабілетін арттырып жеңімпаз ететіндей әрекеттер мен жаттығулармен қаруландыру.
Краткое резюме
Психология спорта — это отрасль науки общей психологии. Основными задачами спортивной психологии в настоящее время являются развитие личностных качеств и повышение психологической культуры спортсмена для достижения им многочисленных успехов в всестороннем спорте высокого уровня. Перед спортивными соревнованиями вооружить психику спортсмена такими действиями и упражнениями, которые позволят ему адаптироваться к этому процессу, повысить конкурентоспособность.
Short summary
Sports psychology is a branch of the science of general psychology. The main tasks of sports psychology at present are the development of personal qualities and the improvement of the psychological culture of an athlete to achieve numerous successes in all-round high-level sports. Before sports competitions, arm the athlete’s psyche with such actions and exercises that will allow him to adapt to this process, increase competitiveness.
Кілт сөз: спорт психологиясы, өзін-өзі реттеу, спортшы, спорт психологы, психологиялық дигностика, спорттық жаттықтырушы.
Ключевое слова: психология спорта, саморегуляция, спортсмен, спортивный психолог, психодиагностика, спортивный тренер.
Keywords: sports psychology, self-regulation, athlete, sports psychologist, psychodiagnostics,sports coach.
Спорттағы жетістіктер – бұл көптеген жағдайлардың сәтті үйлесімі десек те болады. Сондықтан спортшының жеңіске жету жетпеуін алдын ала болжап айту мүмкін болмайтын жағдайлар да кездеседі. Түрлі әсер етуші факторларды ескеретін болсақ спортшының жаттығуларының кез-келгенін елемей қою, немесе спортшы жауынгерлік жағдайда тұрғанның өзінде сәтсіздіктерге алып келуі мүмкін екенін спорт саласында жүрген мамандарға белгілі. Біздің елімізде спортшылардың психологиялық дайындығы спортшыларға психологиялық кеңес беру, алдын ала уақыт бөліп оларды даярлаудан өткізу спорт саласындағы мамандардың жаттықтырушылардың назарынан тыс болып қала беруде. Бұл проблемалар тіпті қарапайым спорт саласында жүрмеген адамдар үшін де, жасыратын мәселе емес екендігі айдан анық болып отыр. Жоғары жетістіктер спорт саласында психологиялық дайындықты елемей қоюға болмайды. Себебі, спорт психологиясы спортшылардың психологиялық дайындығы спортшының психикасымен толықтай жұмыс жүргізеді. Психиканың физиологиялық негізі жүйке жүйесі болып табылады. Ал жоғарғы жүйке жүесі бұлшықет, жүрек жұмысы, қанайлым жұмысы, тыныс алу сияқты тағы да басқа ағзаның жұмыстарымен тікелей байланыста тығыз жұмыс істейді. Бұл табиғи құбылыс. Себебі барлық дене қызметін басқаратын, барлық ағазамыздың ішкі, сыртқы жұмыстарын үйлестіретін адамның жүйке жүйесі мен психикасы. Осыған байланысты спорт саласында үлкен жетістіктерге жету үшін және олимпиадаға баратын спортшыларыдың резервтерін дайындауда психологиялық дайындық жүргізуді ең алғашқы орынға қою маңызды болып саналады.
Спорттық психологияда спортшыларды дайындық барысында екібөлімге аса маңызды көңіл бөліну қажет. Біріншісі-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру, екіншісі- жаттықтырушылар мен спортшыларға әдістемелік қолдау көрсету. Біріншісі бойынша спорт психологының жұмысын ұйымдастыру-спорттық оқу-жаттығу жұмыстары барысында маманның мәртебесі мен ролін анықтап, міндеттер қоя отырып олардың шешу жолдарын нақтылап, психологиялық қолдаудың әсері мен жүйелілігін қамтамасыз ету қажет. Екінші бойынша жаттықтырушылар алдында спорт психологының мәртебесі белгілеп алғаннан кейін спорттық оқу-жаттығуларды, спорттық жиындар барысында спорт спихологы тарапынан берілетін нұсқауларға көңіл бөліп сол бағытта жұмысты ұйымдастыру міндеттелуі қажет. Неғұрлым ертерек басталған іс-әрекет соғұрлым спортшының психикалық қасиеттерінің дұрыс толыққанды дамып өзін-өзі реттей алу сияқты тағы басқа да маңызды қасиеттерінің дамуына жол ашып спортшының жоғарғы жетістіктерге жетулері үшін көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізеді.
2008 жылдан бері спорт саласында педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында жұмыстарды талдау негізінде еліміздің спорттық психология саласын қолдауда, спортшыларға психологиялық кеңес бере отырып кейбір бағыттар бойынша жұмысты ұйымдастыру ұсынылады:
- Әрбір спорттық мекемеде бірнеше спорттың түрлерінің кездесуіне байланысты және әр спорт түрінің ерекшеліктеріне қарай әр спорт түріне жеке психолог маманын бекіту. Бұл тәсіл маманның күш жігерін дамыта отыры, ұзақ уақыттарға арналған стратегиялық жоспар құруына көмектеседі. Спортшыларды спорт психологына бейімдеумен бірге маманның да бір спорт түрімен жеке айналысып барлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы ортақ сенім мен мақсатқа жете отырып жұмыстарын жүйелі ұйымдастырады.
- Алға қойған жоспарлар мен іс-шараларды жүзеге асыру барысында барлық бәсекелестік бойынша психологиялық даярлық жасауға жағдай қарастырылу қажет. Себебі адамның жүйке –жүйесі дененің ең күрделі бөлімі. Яғни, психологиялық дайындықты ұйымдастыру барысында қатысушылардың белсенділік танытуы, қолайлы бөлменің болуы, қоланылатын қосымша техникалық құрал-жабдықтардың болуы, бірге ұйымдасып ұзақ мерзімге жоспар құра білуі қажет.
- Спорт психологынының толыққанды спорттық жаттықтырушылардың штабында болуын қамтамасыз ету. Психологтың нақты міндеттері мен және оның жаттығу процесі кезіндегі берілетін ұсыныстарын енгізе алуына қол жеткізуі маңызды. Өкінішке орай қазіргі кезде жаттықтырушылар психологқа өз спортшыларымен жұмыс атқаруына жол бермей жатады және спорттық психологтың ұсыныстарын елемейді. Ал сырттан шақырылған психолог маманның біліктілік деңгейі және әр тапсырмаларға іс-әрекеттердің сәйкес келмеуі мүмкін. Сол үшін де тұрақты маманның болуы тиімді.
Спорт психологының жаттықтырушының алдына қоятын негізгі міндеттері: психологиялық өзін-өзі реттеуді игеру, мазасыздық деңгейін төмендету, жарысқа дайындығының бағасын беру, нақты психикалық қасиеттерін дамыту. Психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру үшін, дұрыс бағалай отырып, нақты психологиялық кеңестер беру үшін жаттықтырушылар мен спортшылар арасында кері байланыстар ұйымдастырумен қатар спорт психологының спорттық жарыстарға қатысуын ұйымдастыру маңызды.
Спорт психологына жаттықтарушылар мен спортшылардың сеніміболғанда ғана жұмыс нәтижеге ие болады. Сол себепті сұранысқа ие болған маманның жұмысты ұйымдасытырғаны дұрыс. Спортшыларды даярлау кезінде туындаған көптеген проблемаларды шешуүшін түрлі формада жұмыстар ұйымдастырылады. Оның ішінде топтық талқылау, жеке тұлғаларға байланысты құпия әңгімелер болуы мүмкін. Спорт психологының спортшыдан және жаттықтырушыдан алған ақпараттарды басқа адамдарға таратуға болмайтынын, бірақ оларға көмек көрсету барысында барлық проблемалардың ескерілуі маңызды болып есептелінеді.
Спорт психологының жүйелі түрде тәжірибемен бөлісуі, жаңа ақпараттарды меңгеруі, оларды мобильді түрде тарата білуі де ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Кез-келген маман өзін-өзі дамытып отыруға және спортшыларды оқушыларды дайындауға міндетті. Кәсіби шеберлікті дамыту үшін қазіргі техниканың дамыған заманында әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі бір салада кеңес алуға, оқуға толық мүмкіндік бар. Сол үшін де үлкен спорт та қазіргі уақытта жан-жақты даму үстінде. Сол ақпараттармен танысу, білу іс-жүзінде пайдалана білу – бұл маманның өзінің кәсібіне немқұрайлы қарамағандығы болып есептеледі. Кез-келген маманның мықты болуы -ол саладағы өзіндік жетілдіруімен қатар тәжірибесіне, ойлау қабілеттеріне келіп тіреледі. Спорт саласында да спортшыны дайындауда жаңа әдістер мен шешімдерді, шығармашылық ізденіммен қатар эксперименттік қателік жіберу құқығын қалдыра отырып ,үлкен жауапкершілікті бірге алып жүреді. Спорт психологы өзінің шеберлігін арттыру үшін БЖСМ,БЖСМ клубтары мен жас спортшыларды оқытатын мекемелермен тығыз байланыста теория мен практиканы байланыстыра отырып білім жетілдіруге болады.
Спорттық жаттығуларды ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде нақты спортшылардың дайындық үрдісін бұзбау үшін мамандардың жүйелі жұмыс жүргізуі, бір орыннан табылуы үшін арнайы орындардың қамтамасыз етілгені жақсы. Психология саласында диагностикалық процедуралар, психикалық зерттеулер жүргізу, реттеу әдістері, жеке қасиеттерін дамыту үшін психологиялық сабақтастықтың болуы, кәсіби негізде құрылған спорт психологтарының федерациясы өз жұмысын ұйымдастырылуы жетістікке бір қадам жақындата түседі.
Жалпы спортшыларға психологиялық қолдау қалай жүргізіледі? Психологиялық әдістерді пайдаланутұрғысынан спорттағы психологиялық даярлық кезеңі кез-келген басқа дайындықтан ерекшеленбейді. Бірақ психологиялық даярлықтың өзіндік формалары мен құралдары, сонымен қатар бағалаудың әдістері мен өзіндік критерийлері бар. Олардың барлығы спортшы үшін, жаттықтырушы үшін түсінікті әрі айқын бола бермеуі мүмкін. Бірнеше психологиялық дайындық кезіндегі спорт писхологының негізгі қызметтерін келтіріп өтетін болсақ:
- базалық психологиялық диагностика;
- спортшыға жеке әсер ету бағдарламасын жасау, әзірлеу, жеке ерекшеліктеріне қарай дайындықты жоспарлау;
- анықталған жағдайға байланысты кері байланыс ұйымдастыру, мониторингтік, және диагностикалық жұмыстарды жасау;
- қажеттіліктерге қарай қосымша іс-шаралар ұйымдастыру оның ішінде психологиялық түзету, спортшыға психологиялық кеңес беру;
- жағымы психологиялық климотты қалыптастыру, орнату,
- жарыс кезінде спортышлардың психологиялық жай-күйін бақылау, басқару, тіркеу;
- жіберліген қателіктерге, спортшының өзіндік баға беруіне жүйелі қалыптастыру сапасын арттыру.
- жарыс алдындағы қобалжудың алдын алу, өзін-өзі реттеуге бағыттау;
- жарысқа дейінгі күн режимін реттеуге, өзіндік іс-әрекеттеріне есеп берумен қатар күнделікті жаттығуға мотивациясын жоғарылату;
- спортышының мақсатын айқындауға, дұрыс маңызды іс-әрекеттерді көздеуге қалыптастыру;
- спортшының үйреншікті техникаларына мән беруіне, алдына ала жоспардан тыс белгісіз жағдайлардың болып қалуына психологиялық жағынан дайын болуына, түрлі бағытта болған жағдайлардан шыға білуін қалыптастыру;
- спорттық психологиялық регулятивті әдіс-тәсілдерді меңере білуін қалыптастыру;
- жауапкершілік пен маңызды шешімдер қабылдай білуіне, өзіндік бағаның тұрақыт болуын қамтамасыз етуге көмек беру.
Психологиялық дайындықтың ағымдағы деңгейін анықтап бағалау үшін психологиялық диагностика жүргізіледі. Бұл кезеңде спортшының ықтимал мүмкіндіктері, психикалық күйлерінің басым жақтары, бәсекелестік қабілеті, жалпы мінез-құлқындағы тұрақты қалаулары зерттеледі. Жүйке жүйесінің танымдық процесстері жекелей бағаланады. Оның ішінде-қабылдау, есте сақтау, ойлау, зейін, психомоторлы сала, психологиялық регуляциялық салаларға ие болуы деңгейі, мінез қасиеттерінің даму дәрежесі, атап айтар болсақ, мотивация, ерік-жігері топтық командалық тіл табыса алуын бағалау маңызды.
Спортшыға жеке психологиялық қолдау көрсету бағдарламасының әзірленуі диагностика процесі кезінде алынған мәліметтер негізгі жарыстарына психологиялық дайындалу үшін спортшыға кешенді әсер етудің негізі болып табылады. Іс-шараларды өткізу орны, мазмұны, көлемі бойынша нақтыланып, барлық цикл бойынша оңтайлы бөлініп жарыстың өтілу күнтізбесіне сәйкестендіріп мерзімдері айқындалады.
Спорт психологы қажетті психологиялық қасиеттерді дамыту үшін нақты тапсырмалар мен жаттығуларды дайындап оларды жаттықтырушының спортшыны дайындау жоспарына енгізеді. Психологтың іс-шаралар жоспарының кезеңдері оқу-жаттығу процесінің маңызды бөлігінде тұруы жұмысты сәтті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ал егер психологтың іс-шаралар жоспарын дайындықтың соңғы кезеңдерге қойыса сәтсіздіктердің орын алуы әбден мүмкін.
Бұл жұмыстардың негізгі міндеттері ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттардың дұрыс қойылуы мен спортшының жеке ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық дайындықтың жоспарын құру.
Спортшының жағдайы туралы кері байланыстарды ұйымдастыру, мониторинг, диагностика жасау- жоғары дәрежелі спортшыны дайындау үрдісі көбінесе ұзақ уақыт бойы үлкен физикалық күш пен монотонды жұмыс болып табылғандықтан, психологтың міндеті спортшының монотониясымен күресе отырып оңтайлы жұмыс жасай алу қабілетін сақтау. Психологиялық мониторинг спортшының жай-күйіндегі өзгерістерді, оның көңіл-күйінің тұрақтылығы, басқалармен қарым –қатынасын бақылау психологтың негізгі міндеті болып саналады. Кейбір кезде стандарттық диагностикалық процедуралар жиі қолданылмайды, себебі олар маңызды қажетті ақпараттар бермеуі мүмкін. Егер стандарттық диагностикалардың нәтижесінен қажетті ақпараттар ала аламаған сәттерде жаттықтырушылар арасында мағынасыз келіспеушіліктер мен алаңдаушылыққа жол берілуі мүмкін. Спорт психологы осындай қисынсыз жағдайлардан шығуы үшін шығармашылық жұмыстармен айналысуына тура келеді. Осындай жұмыстардың барлығы спорттық жаттығу үрдісіне кедергі келтірмей ұйымдастырылуы қажет болады.
Спортшыларға қажет болған жағдайда қосымша психологиялық түзету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жалпы жағдайды диагностика жасағаннан кейін ары қарай басқа да мамандарды араластыру қажет. Оның ішінде жаттықтырушысы, дәрігері, спортшының отбасымен келісім жүргізіледі.
Психологиялық дайындыққа арналған мақсатты тапсырмаларды құру кезінде спортшылардың кезеңдік міндеттері мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру қажет. Мұндай мақсатты тапсырмалар бір психорегуляциялық сессияда қолданылатын жаттығулар жүйесі немесе психологиялық дайындық құрылымындағы белгілі бір циклді құрайтын әсер ету жүйесі болуы мүмкін.
Мақсатты тапсырмалар күрделі болуы мүмкін. Оның ішінде релаксация, психологиялық түзету, мотивация, психикалық қасиеттерді дамыту, эмоционалды басқару және т.б.
Тиісті психологиялық климат орнату – бұл спортшының жарыстарға бейімделуіне және психикалық жағдайын басқара алуын, реттей алуын қалыптастырады. Бұндай жағдай спортшы мен спорттық психолог арасындағы сенімді қарым-қатынастан және әсер ете алуынан туындайтын жағдай. Бұндай жағдайды орнату үшін ең біріншіден уақыт, білімі, сәтті жағдайлар болуы қажет. Сиқыршының таяғын сермегендей бір сәтте өмірдің шындығына айнала қалу мүмкін емес.
Жалпы психологиялық дайындық туралы көптеген маңызды ақпараттарбар. Кейбір іс-әрекеттер жұмыстар көп жағдайда жеке спортшы мен психолог арасында қалатын кәсіби құпия болып табылады. Әрбір интонация, мимика психикаға әсер етуші болуы мүмкін.
Жарыс барысындағы спортшының психологиялық жай-күйін бақылау басқару есепке алу бойынша жаттықтырушы үшін де спорттық психолог үшін де спортшымен жеке байланыс орнату қол жетімсіз болуы мүмкін. Сондықтан спортшының өзінің жағдайын объективті бағалау, психологиялық регуляциялық әдістерді қолдана алуы өте маңызды. Сол үшін жарысқа дайындық барысындағы әр түрлі төтенше жағдайлар жасалынуы осы қасиеттерді бойына қалыптастыруға көмектеседі. Жарыс сәтіндегі кейбір вербальді өзін-өзі реттеуге көмектесетін сөздерді атап айтсақ мысалы; өзін-өзі мақұлдау үшін «жарайсың», «жақсыы», өзін-өзі тынышталдыру үшін «бәрі жақсы болады», «қорықпа, бәрі дұрыс», өзіне-өзі бұйрық беру «тыныштал», «қолыңа ал өзіңді», «алға», «тағы да» деген сияқты өзін-өзі реттеуге арналған сөздерді сәл дауыстап айтып дағдыланған дұрыс.
Спортшының өткен жарыстардың есебінен болған сәтсіздіктері жайында ойында түрлы негативті ойлар қалуы мүмікін. Сол ойлардың әсері алдағы болатын жарыстарға психологиялық тұрғыда кері әсер етеді. Осындай жағымсыз естеліктерді босату үшін нейропсихикалық босаңсу жаттығуларды пайдалана отырып қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Дене бұлшықеттерінде де өзіндік есте сақтау қабілеті болғандықтан босаңсу жаттығулары арқылы жеңілістің ащы сезімдерін, қорқынышты, көбінесе судьяларға байланысты реніштерді т.б жағдайлардан арылу үшін психологиялық релаксация, медитация жаттығулары падаланылады.
Әрбір спортшы үшін жарыс аяқталғанымен спорт психологының жұмысы аяқталмайды, керісінше алдағы жауапкершіліктен де жоғары басқа формада өтетін жұмыстары басаталады. Психолог бір уақытта көптеген түрлі мәселелерді шешіп отырады. Дегенмен де психолог міндеттерінің тағы бір ерекше түрі ол спортшыларды және жаттықтырушыларды өзіне тәуелді етіп қоймауы. Әрбір іс-әрекетте кеңес алушылар өзіндік шешім қабылдап өзіндік әрекет ете алатындықтарына үлкен сеніммен қайтқандары дұрыс. Олардың ойында «маған психолог ғана көмектесе алады» деген ой-пікір қалмаулары маңызды. Іс жүзінде идеалды жағдайлар аз болуы мүмкін. Себебі бұл спорт. Жарыс сәтінде жеңіске жету үшін барлық жағдай жасалуы мүмкін. Алайда осының өзі сәттілікке кепілдік бермеуі мүмкін. Дегенмен де әрбір адам спорттық жарыстардың алдын ала болжанбағанын қалайды емес пе.?Спорттық жарыс сол сәтте сол мезетте өзінің эмоцияларымен тартымды болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ильин, А.Б, Гордон С.М. Формирование профессиональных показателей личности спортсменов // Мир образования — образование в мире. – 2011
2. Белкин А. А. Идеомоторная подготовка в спорте. М.: ФиС, 1983.
3. Горбунов Г. Д. Психопедагогика спорта. М.: ФиС. 1986.
4.Учебное пособие для институтов физической культуры
5. И.П.Волкова. Практикум по спортивной психологии. Санк Петербург. Москва. 2002г.
6. В.Ф.Сопов. Психические состояния в напряженной профессиональной деятельности. Москва. Акдамический проект. 2005.