1. Тапсырманың егжей-тегжейін дұрыс орындауға назар аударыңыз. Жас спортшыларды жиі мадақтаңыз. Достық күлімсіреу сияқты көңіл көтеру мен көтермелеуді қолданыңыз.
2. Жас спортшыларды шын жүректен мадақтаңыз. Шынайы емес мадақтау тиімсіз. Егер жас спортшы өзінің жасаған әрекеттерін дұрыс емес екенін біле тұра, «бәрі дұрыс» деп айтсаңыз, бұл сіздің оны тынышталдыру ретінде айтқаныңызды түсінеді. Жалған сөйлеу жаттықтырушыға деген сенімді жоғалтады. Сәтсіздікті мойындау ретінде спортшыңызды құшақтап: «Иә шынымен де қиын болды», сонымен қатар «Келесі жолы жетістікке жетесіз» деп айтсаңыз спортшыңызды алдағы жарыстарға жігерлендіре түсесіз.
3. Нақты экспектация жасаңыз. Жас спортшының қабілеттерін дұрыс бағалап нақты спорттық жетістіктер күтіңіз. Жас спортшының жасын және оның қабілеттерінің деңгейіне нақты экспектация жасау жаттықтырушының шәкіртіне шынайы көңіл-күйді қамтамасыз етуге көмектеседі. 12 жастағы спортшы 16 жастағы спортшының деңгейіндегі нәтижені көрсете алмайды.
4. Жас спортшының толық өз мүмкіндігін пайдаланғандығын көре тұра, тағы не талап етуге болады? Өкінішке орай үнемі жеңісті сәттер бола бермейді. Сіз ойлағандай барлығы сәтті шықпауы мүмкін. Ал барлығы ойдағыдай шыққан кезде оң көзқарасты таныту өте оңай. Сол себепті ең дұрысы күш жігерді ынталандырып отыру. Күш-жігердің өзін нәтижеге бағалау.
5. Жас спортшылар өздерінің физикалық қасиеттерінің жақсарғанан сезінуі үшін дағдыларды игеру мен дамытуға назар аударыңыз. Жаттығу барысында әр түрлі физикалық белсенділік пен жаттығулардың әр түрлілігіне мән беріңіз. Әр түрлі элементтерді әр түрлі бұрыштарда орындау демонстрациясын қолданыңыз. Жаттығу құралдарын барынша пайдалануды қамтамасыз етіңіз.
6. Физикалық белсенділікті жас спортшының қажеттіліктеріне сәйкес келтіріңіз. Жаттығу алаңдарын өзгертіңіз, жаңартып, ауыстыру жұмыстарын жүргізіңіз.
Негізгі мақсат- жас спортшының өзінің жетістіктерін сезіне алуына мүмкіндік жасау маңызды.
7. Жаттығу барысында жас спортшылардың белсенділіктерін арттыру үшін кейбір ережелерді өзгертіп көріңіз. Спорттық жаттығудан бөлек спорттық ойындарды ойнату барысында жаңа ережелер ойлап табыңыз, спортшының ролін өзгертіңіз. Бұл жетістікке жету мен мотивацияны арттыруға көмектеседі.
8. Тек нәтижеге емес, іс-әрекеттердің дұрыс орындалғандығын бақылап ынталандырып отырыңыз. Кейде жас спортшылардың жіберген қателіктерін ескермей, жіберілген қатеге көңіл бөлінбей тек нәтижені қолдау кездесіп жатады. Нәтижеден бұрын дұрыс техникалық әрекеттерді ынталандыру өте маңыздырақ.
9. Жас спортшының қателіктеріне дұрыс ескерту жасау маңызды. Мысалы: жасаған әрекетінің нәтижесі жаман болғанымен оның дұрыс орындағанын ескерту, және сәл ертерек асығыс жасағанын айту. «Мұның барлығы өте қиын, бірақ сіз оны дұрыс орындай алдыңыз» деген сияқты ескертулер спортшының көңілі қалмай, өзінің іс-әрекеттеріне дұрыс баға беріп, жігерленуіне көмектеседі.
10. Жас спортшыны жаңа элеметтерді үйрену мен қабылдау кезіндегі қателіктерден қорықпауға дағдыландыру. Әрбір жіберілген қателік ол болашақта сәттіліктерге апаратын жол деп түсінгені және әрбір жаттығуға барған сайын жаттықтырушының сол қателікпен жұмыс істеуге мүмкін беріп отыруы, жас спортшының өзінің іс-әрекеттеріне терең көңіл бөліп, аналитикалық ойлау қабілетін қалыптастырады. Өзінің іс-әрекетін басқарып, өзін-өзі реттей алатын, дұрыс бағалай білетін спортшы ешқашан психологиялық күйзеліске ұшырамайды.
11. Жас спортшыларды үнемі ынталандырып, шабыттандырып отырыңыз. Олардың әрбір сұрақтарына, іс-әрекеттеріне нақты жауап беруге тырысыңыз. «Сен мешоксың», «Сен қайдан келдің өзі», «Қорқақсың», «Мақтаншақсың», «Жалқаусың» т.б сөздерді көпшіліктің көзінше де жекелей де пайдаланудан аулақ болыңыз. Әрқашанда әрбір теріс қылық пен жаман әдеттің бір себебі бар екендігін ұмытпаңыз. Ал ол себеп, балаға мүлде қатысты болмауы мүмкін. Соны ескеріңіз.